Қымбатты ұстаздар! Құрметті студенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс айту күнін мерекелеудің басты мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамыту, қазақстандық құндылықтарды бағалау болып табылады.
Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты болып саналады.
Бүгінгі күні егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтып отырған игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!
БҚИТУ ректоры, профессор Габдулиева Р.С