Құрметті әріптестер!
Университет ректораты баршаңызды келе жатқан Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтайды! Сізге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, біздің ұжымға бірлік пен өркендеу, сіздің шын мәніндегі асыл кәсібіңіз боп табылатын өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде жаңа белестер мен ғылымда соны биіктерді бағындыруды тілеймін! Өтіп бара жатқан жыл барлық қиындықтар мен ауыртпашылықтарды, жолыңыздағы барлық кедергілерді өзімен бірге әкетіп, ал Жаңа жыл жаңа шыңдарды бағындырып, барлық мақсаттарға қол жеткізу жылы болғай! Жаңа 2023 жыл құтты болсын!
Ректор Б.Т.Шакешев