Жалпы ережелер
Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық
келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 49 тармағына, 2018 жылдың 12 желтоқсанында Ғылыми кеңеспен бекітілген Қазакстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының білім беру және ғылыми-практикалық ic-шараларының 2019 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес өткізілетін республикалық іс-шара болып табылады.
1.2. Конкурстың құрылтайшысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
1.3. Конкурстың жауапты ұйымдастырушысы – Қазакстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (келісім бойынша) (бұдан әрі – Академия) болып табылады.
1.4. Конкурстың өңірлік кезеңінің ұйымдыстырушылары (бұдан әрі – өңірлік кезеңнің ұйымдастырушылары) облыстар, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент ққ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтары (келісім бойынша), «Қоғамдық келісім» КММ (келісім бойынша) мен ғылыми- сарапшылық топтары болып табылады.
1.5. Осы Қағида конкурсты өткізу тәртібін және ғылыми жұмыстарды іріктеу талаптарын анықтайды
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2.1. Өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеуді мақсат етеді.
2.2.Конкурстың міндеттеріне:
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге септігін тигізетін зерттеу ісіне ғылыми қауымдастықты және соның ішінде жастарды тарту;
– ғылымға жастардың қызығушылығын арттыру;
– дарынды жас ғалымдарды іздестіру және қолдау;
– ғалымдар мен жастардың патриоттылық деңгейін, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
– білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту
– татулық пен келісім идеяларын шоғырландыруға және қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған ғылыми және әдістемелік әзірленімдер, оқу және анықтамалық әдебиеттердің басып шығарылуына қолдау көрсету кіреді.