2021 жылдың 1 қарашасында инженерлік-гуманитарлық факультетінің гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «қылмыстарды тергеу практикасындағы криминалистикалық модельдеу» атты студенттік ғылыми конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – криминалистика мен сот сараптамасын дамыту, қылмыстарды анықтау, тергеу және алдын алу жөніндегі қызметті жетілдіру, оның ішінде әлелдемелерді жинау, зерттеу және пайдалану құралдары мен әдістерін жетілдіру болып табылады. Конференция барысында қатысушылар ғылым мен практиканың даму үрдісін талқылау бойынша сындарлы диалог жүргізді, сондай-ақ криминалистердің ғылыми және практикалық қызметінде тәжірибе алмасты. Проблемалық аспектілер, қылмыстық істерді қарау, тергеу, ашу кезінде заңнама нормаларын іске асыру тәсілдері қарастырылды.
Конференция жұмысы заң қызметінің түрлі салаларында қолдану мәселелері бойынша баяндамаларды талқылай отырып, оффлайн режимінде өтті. Конференция аясында келесі бағыттар қарастырылды: құқық қорғау органдарының криминалистік есептері, қылмыстың себебі мен мақсаты, қылмысқа оқталу, бас бостандығынан айырумен байланысты жазалар.
БҚИТУ жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, гуманитарлық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж. Б. Құрманова құттықтау сөз сөйледі. Конференцияның модераторы “Жас криминалист” ғылыми үйірмесінің жетекшісі, гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының магистрі, аға оқытушысы С.С. Джуламанов болды. Конференцияның қазылар алқасының мүшелері: Г.С.Жансұлтанова – гуманитарлық ғылымдар магистрі, гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы; А.С.Ганиева– заң ғылымдарының магистрі, гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
Конференция жұмысына “Құқықтану”, “Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыруды және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу” мамандығының II, III курс студенттері қатысты.
Конференция соңында заң ғылымдарының магистрі, гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А. Ж. Сарсенова сөз сөйледі. Іс-шара органикалық және достық атмосферада өтті. Конференция қорытындысы бойынша студенттер мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
