2017 жылдың 10-11 сәуір күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Жастар – елдің рухани және зиятты әлеуеті: тарихи тәлім және даму келешегі» атты ХVII Халықаралық студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясы №6.2 секциясының отырысы өтті. Конференцияға студенттер, магистранттар және оқытушылар құрамы қатысты. Конференцияны өткізудегі негізгі мақсат – студенттерімізді ғылымға баулу.

Аталған студенттер: Асқарова Ботакөз ғылыми жетекшісі – филология кафедрасының аға оқытушысы Қуаныш Т.Т., Молдасламова Көркем ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., профессор Сабыр М.Б., Исаева Светлана ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., доцент Кусайынова Д.Ж., Адиетова Кәмшат ғылыми жетекшісі – филология кафедрасының аға оқытушысы Нугманова Ж.Т., Жұмагелдина Ардана ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., доцент Мамыров А.Ы., Аманжол Гүлсезім ғылыми жетекшісі – филология кафедрасының аға оқытушы Исанова Л.А. баяндамалары үздік деп танылды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz