2023 жылдың 1 желтоқсанда М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Ұлттық білім беру жүйелеріндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына біздің университеттің педагогика және психология кафедрасының ПОҚ қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.С. Иргалиев «Блендинг-оқыту (blended learning) кезінде ЖОО-ның оқу процесіндегі цифрлық коммуникацияның ерекшеліктері» атты баяндамасымен сөз сөйледі.Өз баяндамасында А.С. Иргалиев ЖОО-дағы білім алушылардың цифрлық коммуникациясының өзекті мәселелерін, ЖОО-ның оқу ортасындағы тиімді коммуникацияның психологиялық критерийлері, студенттердің цифрлық коммуникация мәселелері, өзіндік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу, онлайн-ресурстарды пайдалану жөніндегі көзқарастар, желілік белсенділік стратегиялары, блендинг-оқытудың студенттің психологиялық және кәсіби өсуіне әсері және ЖОО-дағы цифрлық өзара іс-қимылға қанағаттанушылықты талдау құралдары сияқты өзекті мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ, «Еуразиялық білім беру ареалының әріптес жоғары оқу орындарының ғылыми-жобалық ынтымақтастығы» атты секциясында п.ғ.к., педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Л.В. Обыденкина «Жоғары педагогикалық білім берудің жаңа шындықтарының феноменологиясы және қазіргі заманғы компаративистиканың міндеттері» тақырыбында баяндама жасады.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz