2022 жылдың 01-ші желтоқсан күні БҚИТУ, ИГФ-нің, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Ғылыми зерттеулерді дамыту перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинардың мақсаты – кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, кафедра қызметкерлерінің ғылыми дағдыларын дамыту, олардың қызметтер мен өнімдердің сапасын басқарудың өзекті мәселелерінде біліктілігін арттыру, кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамының басқа ЖОО-дағы әріптестерімен ғылыми байланысын жақсарту болып табылады.

Аталған семинар «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Самара мемлекеттік техникалық университетінің «Техносфералық қауіпсіздік және сапаны басқару» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Дмитрий Васильевич Айдаровтың келуімен ұйымдастырылды. Семинар жұмысын ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна ашты. Ғылыми семинардың модераторы – х.ғ.к., кафедра меңгерушісі Байтлесова Лаура Ильясовна, хатшы – аға оқытушы Санталина Галина Анатольевна жүргізді.

Ғылыми семинарға қатысушыларға Айдаров Д.В. «Мамандарды даярлау кезіндегі онлайн-курстар» тақырыбында презентацияларын ұсынды. Сонымен қатар семинар барысында білім беру құрылымдарының қызметі саласындағы сапа менеджменті мәселелеріне қатысты зерттеулер бойынша тәжірибе алмасу өтті.

Семинар қорытындысы бойынша БҚИТУ, инженерлік-гуманитарлық факультеті мен СамМТУ-нің, инженерлік-технологиялық факультетінің жол картасы мен ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде өзара жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Дмитрий Васильевич Айдаровқа осындай маңызды іс-шараға белсенді қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз және одан әрі шығармашылық ынтымақтастықта жұмыс жасауға ниеттенеміз!

 

БҚИТУ ғылыми бөлімі

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz