28 мая 2020 года в Западно-Казахстанском инновационно-технологическом университете организован и проведен Международный научный on-line круглый стол, посвященный 175-летию казахского поэта, композитора, просветителя, мыслителя, общественного деятеля, основоположника казахской письменной литературы Абая Кунанбаева.
2020 жылдың 28 мамыры күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми онлайн дөңгелек үстел оздырылды.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақын өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.
Дөңгелек үстел Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтудің Республикалық жоспары аясында өткізілді.
Дөңгелек үстел модераторы ф.ғ.д., профессор М.Б.Сабыр. Ректорат атынан дөңгелек үстелге қатысушыларды Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор В.А.Бурахта құттықтап, сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің барлық факультеттерінің ғалымдары, сонымен қатар Ақтөбе, Самара, Уфа қалаларының ғалымдары қатысты. Жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Барлық баяндамалардың слайд күйінде таныстырулары қатар жүргізілді.
БҚИТУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі А.М.Мусаев «Абай шығармаларындағы сатиралық сарын» тақырыбында баяндама жасады. Самара мемлекеттік жол қатынас университетінің профессоры, ф.ғ.д. М.М.Халиков «А.С.Пушкин шығармаларындағы лингвистикалық мәліметтер» баяндамасын ұсынды. Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, ф.ғ.д., профессор А.Ш.Пангереев «Абайдың ұлттық таным, тәрбие туралы концепциясы» тақырыбында келелі баяндама жасады.
М.Ақмолла ат. Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, башқұрт тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, БР Жазушылар одағының төрағасы, БР Мемлекеттік құрылтайының депутаты З.А. Алибаев «М.Ақмолла мен Абай шығармаларындағы шығыс дәстүрі» тақырыбында баяндама ұсынды. Ал БҚИТУ профессоры, ф.ғ.д. М.Б.Сабыр «Абай поэзиясының орта түркілік арналары» тақырыбы шеңберінде сөз сөйледі. БҚИТУ доценті, пед.ғ.к. Р.С.Кинжекова «Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-тұжырымдары» тақырыбында баяндама жасаса, БҚИТУдоценті, ф.ғ.к. А.Ы.Мамыров «Абай әлемі және бүгінгі білім кеңістігі» тақырыбындағы ой-тұжырмдарында көпшілік талқысына салды. БҚИТУ доценті, ф.ғ.к. Б.Ә.Шканова «Абай шығармашылыңындағы уақыт философиясы» туралы өз пікірін орыс, қазақ тілдерінде жеткізді. Ал БҚИТУ ұстазы, аға оқытушы А.Х.Утебаева «Ұлы Абай-ұлттық абыройы» тақырбындағы пікірлерін үш тілде ғылыми қауым назарына ұсынды.
Мәжілістің соңында дөңгелек үстел қорытындыланып, материалдарды «БҚИТУ Хабаршысында» жариялауға шешім қабылданды.
Ғылыми бөлім

