Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетіне наурыз айында Германияның Фрайбург университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Райнхард Хессе келіп, тарих мамандығының студенттеріне дәріс оқып, 26 наурыз күні  «Ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижесімен таныстыру» атты ғылыми еңбектерінің таныстырылымын өткізді.

Шараға педагогикалық факультет, тілдер және менеджмент факультетінің оқытушылары мен студенттер,  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары, Орал гуманитарлық колледжінің ұстаздары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Шара барысында Райнхард Хессе ғылыми-ізденіс жұмыстарында қолданған әдістерімен және оқыту барысында ғылыми-ізденіс нәтижелерін қолдану түрлері туралы баяндады. Шараға қатысқан педагог-оқытушылар тарих ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі туралы пікірлерді ортаға салды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz