Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2019 жылдың 12 желтоқсанында өткізілетін дәстүрлі «ЖАҺАНША ОҚУЛАРЫ» аясында «ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.
(Скачать информационное письмо)
Конференцияның мәні мен мақсаты:
Өткен ғасырлар тоғысында қазақ зиялыларының қалыптасуымен бірге қазақ ұлт-азаттық күресі жаңа әлемдік деңгейге көтеріліп жаңа сапада өрбіді. Алаш қозғалысын өмірге әкелген қазақ зиялыларының озық тобы да, 1920 жылы қазақ автономиясын қалыптаған советтік қайраткерлер де қазақ елінің ұлттық тәуелсіздігі жолында өлшеусіз қызмет етті. Осыған орай ғасыр бұрынғы ұлт көшбасшыларының арман-мүдделерінің бүгінгідей еліміздің тәуелсіз дамуы жүзеге асқаны жағдайында олардың қазақ көшін алға сүйреу жолындағы қызметін саралау және қазіргі зерттелуінің нәтижелерін баяндау, жаңа мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу өте-мөте ділгірлік мәселе.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағыттары:
- Жаһанша тағылымы және замануи білім беру мен тәрбие мәселелері
- Қазақ зиялыларының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі
- Құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құрудағы қазақ зиялыларының тарихи көзқарастары
- Рухани құндылықтар: әдебиет, ұлттық тіл, жазу, емле мәселелері
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды жіберу керек:
- Конференцияға қатысу үшін өтініш;
- Талапқа сай баяндама тезистері.