28 қараша 2019 жылы 303 аудиторияда сағат 13.50-де БҚИТУ ИТФ ғимаратында «Өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздік» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

«ЗапКазРЭК» АҚ техникалық қауіпсіздік инженері, магистр – еңбек қорғау саласындағы негізгі білімі бар Ербаева Нұргүл Болатқызы келесі 5В071800- «Энергетика», 5В070800 – «Мұнай газ ісі», 5В0721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В0724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», 5В090700 – «Кадастр», 5В073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандықтардың бітіруші курс студенттеріне өткізді.

Кәсіпорындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері қаралды; өрт қауіпсіздігі; Өнеркәсіптік қауіпсіздік. Оқу аяқталғаннан кейін студенттер қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, қауіпті тану мен бағалауға, олардан сенімді қорғаудың әдістерін анықтауға және енгізуге негізделген білім мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін еңбек қауіпсіздігі тақырыбын талқылауға белсенді қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz