2020 жылдың 4-5 қараша күндері аралығында, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен “Жас дем” жастар қоғамдық бірлестігі “Жастар керуені” ақпараттық-түсіндіру жобасы аясында БҚИТУ студенттерімен ZOOM платформасында онлайын кездесу өткізді. Шараға БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев А.И., БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Сұнғатов Ж.Ә., “Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ БҚОФ бас маманы Елдес М.С. қатысты. Кездесу барысында, студенттер арасынан қойылған сұрақтарға, мамандар тарапынан толықтай жауап беріліп, еркін пікір алмасу алаңы құрылды. Шараның негізгі мақсаты: студент жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және жаңа тың жобаларды жүзеге асыруға шақыру.
Ұйымдастыру бөлімі
Организационный отдел
