2025 жылдың 30-қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы «Облыстық әдістемелік-психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің директоры Л.С. Есенова мен осы мекеме әдіскері Н.М. Куанышкалиева Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне келіп, арнайы семинар-тренинг өткізді. Тренингке университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған 1-курс студенттері қатысты.

Семинар-тренинг барысында қатысушыларға арнайы слайдтар көрсетіліп, әдістемелік материалдар таратылды. Спикерлер маңызды ақпараттармен  және психологиялық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған байланыс ақпараттарымен бөлісті. 

Шара соңында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Б.Т.Шакешев пен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы «Облыстық әдістемелік-психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің директоры Л.С. Есенова екі мекеме арасындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz