2025 жылғы 20-желтоқсанда Тәжік мемлекеттік сауда университетінің ұйымдастыруымен «Шет тілдерін (орыс және ағылшын) меңгеру деңгейін арттыру жолдары және оқытушылар тарапынан осы сабақтардың сапасын жақсарту тәсілдері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен арадағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Конференцияға БҚИТУ ресми өкілі ретінде филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Матжанова Гүлвира Жүсіпқызы қатысып, «The implementation of lesson study in English language teaching in Kazakhstan» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Баяндамасында ол ағылшын тілін оқыту үдерісінде Lesson Study әдісін енгізу тәжірибесіне тоқталып, оның оқыту сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.
Аталған конференция маңызды халықаралық ғылыми алаң ретінде тәжірибе алмасуға, тілдік білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
