БҚИТУ Қаржы және экономика кафедрасының ғалымдары Г.К. Курманова, Б.Б. Суханбердина, А.А. Ким, Б.А. Уразова “Тұран” университетінің хабаршысы” журналы (№2/2020 ж.) сайтының мәліметіне сәйкес танымалдық бойынша екінші орынға шықты.
Мақала 2020 жылы жазылғанына қарамастан, оның жаңашылдығы, өзіндік эмпирикалық базасы, мәселенің теориялық зерделенуінің тереңдігі және тұжырымдардың тәуелсіздігі әлі күнге дейін ғылыми ортада кең қызығушылық тудырып, өзекті болып отыр.
БҚИТУ “Бизнес және басқару” білім бағытындағы «Қаржы және экономика» кафедрасының жетекші ғалымдары жарияланым қызметін белсенді жүргізіп келеді. Соңғы 5 жылда жарияланға мақалалар қатарында:
– Scopus дерекқорында индекстелген журналдардағы 3 ғылыми мақала,
– Web of Science Core Collection журналдарындағы 2 ғылыми мақала,
– ҚР ҒжБМ Ғылым комитеті тізіміндегі журналдарда 30 ғылыми мақала бар.