2025 жылғы 11 қарашада Құқық кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес Орал қаласы, Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебінде 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында университеттің білім беру бағдарламалары туралы толық мәліметтер ұсынылды.
Құқық кафедрасының аға оқытушысы Е.А.Карагойшиев университеттің бакалавриат және магистратура салаларындағы білім алу бағдарламаларына тоқталып, оқушыларға университет тарихын және оқуға түсу үшін қандай қажетті құжаттарды жинақтауды айтып өтті. Сонымен қатар, шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы шеңберінде студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына ерекше назар аударды.
Е.А.Карагойшиев оқушыларды заңгерлік білім алу мүмкіндіктерімен, мамандықтың келешегімен және құқықтану саласындағы мамандардың сұранысымен таныстырды.