2025-2026 оқу жылына Саратов мемлекеттік заң академиясымен өзара байланыс жоспарланған болатын. Академиялық ұтқырлық бойынша  оқытушы доцент, заң ғылымдарының кандидаты Савельева Марина Владимировна. Жоспар талапқа сәйкес жүзеге асырылып жатыр оқытушы «Криминалистика» пәнінен 5-кредит көлемінде 6В04202 Құқықтану Білім беру бағдарламасына сабақ беріп жатыр.

Академиялық ұтқырлық жоспары БҚИТУ және СМЗА академиялық қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес іске асырылады. Пәнді игеру барысы мен оқыту нәтижелері жоғары деңгейде, біздің білім алушылар оқыту сапасы мен оқытушының жоғары біліктілігі үшін ризашылықтарын білдіреді. Академиялық ұтқырлық екі жаққа да кең перспективалар мен мүмкіндіктер ашады деп санаймыз.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz