Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 10 қараша күні құқық кафедрасында ғалым, саясаткер, географ, қазақтың біртуар ұлы Шоқан Уалихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған «Шоқаны бар елдің – шоқтығы биік» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Шоқан Уалихановтың өмір жолы, қазақ халқына сіңірген еңбегі, ғылыми зерттеулері мен еңбектері, сондай-ақ султан ретінде атқарған қызметі жан-жақты талқыланды.

Жастарға отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында Шоқан Уалихановтың өміріне арналған екі көркем фильмнен үзінділер көрсетілді.

Дөңгелек үстел өз алдына қойған міндеттерін толық орындап, мақсатына жетті деп айтуға болады. Білім алушылардың үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойғаны олардың ғалым өмірін өздеріне үлгі тұтатынын көрсетті.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz