2026 жылғы 7 сәуірде Салалық технологиялар институтының Құқық кафедрасы базасында «Искусство простого объяснения: как делать сложные темы понятными» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы Айешева Г.А. жүргізді.
Мастер-класс оқытушылардың заманауи оқыту тәсілдері туралы білімдерін жаңартуға және экономикалық пәндерді оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталды.
Теориялық бөлімде студенттердің танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде белсенді оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Оқытушы интерактивті жұмыс түрлерін қолдану оқу үдерісін неғұрлым қолжетімді, көрнекі және практикалық бағытта ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ кері байланысты ұйымдастыру мен білім алушыларды тартуда Quizizz, Kahoot, Mentimeter сияқты цифрлық құралдардың рөліне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Gamma және HeyGen сервистерінің оқу материалдарын дайындаудағы мүмкіндіктері көрсетілді, бұл сабаққа дайындықты оңтайландыруға және көрнекілік сапасын арттыруға ықпал етеді.
Оқытушы экономикалық пәндерді оқытуда инновациялық тәсілді жүзеге асыру келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті:
-теориялық білім мен практикалық әрекетті тиімді ұштастыру;
-студенттердің экономикаға деген қызығушылығын арттыру және экономикалық ойлауын қалыптастыру;
-білім алушылардың сабаққа белсенді қатысу деңгейін көтеру;
-кәсіби маңызды және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
Өткізілген мастер-класс қатысушылар тарапынан оң бағаланды. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Ұсынылған педагогикалық тәжірибе білім беру үдерісінде одан әрі қолдануға ұсынылады.


