Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы және «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Халықаралық студенттер күніне орай жастар арасында патриоттық рухты көтеру, ұлттық бірегейлікті сақтау және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған «Менің елім – менің мақтанышым» атты Облыстық патриоттық әндер байқауынан үздік деп танылған «Құқық қорғау қызметі» ББ 1 курс студенті Жасыбек Томирис Арманқызын 1-орынды иеленуімен, «Психология» ББ 1 курс студенті Жұмабек Алина Ерланқызын дипломант болуымен құттықтаймыз!

Студенттердің жетекшісі Захаров Сакен Кадыргалиевичке білім алушыларды даярлауға қосқан кәсіби үлесі және жоғары ұйымдастырушылық деңгейі үшін алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz