Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институты Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер департаменті жетекшісі Д.С.Төлекбаевамен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының тарихи ескерткіштерін танып білу,  жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «TIME MANAGEMENT» квест ойыны өткізілді. Шараға 6В07301 Сәулет, 6В07302 «Құрылыс»,  6В07105 «Автоматтандыру және басқару», 6В09103 «Ветеринария», 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 6В04207 «Сот-прокурорлық қызмет», 6В07201 «Мұнай газ ісі», 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр», 6В07102 «Электр энергетикасы», 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В04202 «Құқықтану», 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты. Квест  ойыны барысында студенттер берілген тапсырмаларды орындай отырып, Батыс Қазақстан облысының тарихи ескерткіштерімен және мемлекеттік мекемелерімен  танысты. Ойын соңында Салалық технологиялар институты Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер департаменті жетекшісі Д.С.Төлекбаева нәтижені қорытындылап, мақтау қағазы және номинациялармен марапаттап, жеңімпаз командаға кубок табыстады

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz