6В07102 «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының ЭЛ-32 тобының білім алушысы Тахамбетова Нурдаулеттің Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу кезеңі аяқталуға жақын. Алда сессия, және ол аралық бақылаудан жоғары нәтижелер көрсетіп, оқытушылар тарапынан жоғары бағалар алды.
Нурдаулет негізгі пәндермен қатар «Электроэнергетиканың перспективалары» және «Жасанды интеллект» бағыттары бойынша қосымша сабақтарға қатысып, кәсіби құзыреттерін кеңейтуде.
Алдағы сессияда сәттілік және жаңа жетістіктерге жете беруін тілейміз!

