2024 жылдың 13-желтоқсанында №29 «Балауса» бөбекжайының музыка жетекшісі Рахметжанова Сания мен БҚИТУ «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Таспаева Салтанат Жумабековнаның ұйымдастыруымен «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Мектепке дейінгі балалардың музыка арқылы ырғақтық сезімдерін дамыту» тақырыбындағы шеберлік сағаты өткізілді.

Шеберлік сағатының негізгі мақсаты – қазіргі музыкалық және ойын технологияларын қолдану барысында балалардың метрлік-ритмикалық дағдыларын және шығармашылық белсенділігін дамыту. Сабақ барысында қызықты әрі жаңашыл әдіс-тәсілдер қолданылды.

Білім алушылар мен оқытушылар шеберлік сағатына белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz