Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – халқымыздың еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіз ел ретінде әлемге танылған ұлы мерекесі.
Білім саласы – егемен еліміздің болашағын қалыптастыратын ең маңызды бағыттардың бірі. Ұлттың келешегі білімді, жаңашыл ойлайтын, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеумен тікелей байланысты. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – еліміздің дамуына қосқан баға жетпес үлес.
Тәуелсіздік жылдары білім саласында жеткен жетістіктеріміз, университетіміздің өркендеуі мен алдыңғы қатарлы оқу орындарының біріне айналуы – Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі.
Осы айтулы күнде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Тәуелсіз еліміздің абыройын арттырып, білім мен ғылым жолында биік белестерді бағындыра берейік!
Қазақстанның жарқын болашағы үшін қызмет етуді жалғастырайық!
Ізгі ниетпен,
Университет ректоры Шакешев Б.Т.