2023 жылдың 29 маусымында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика, Тілдер және менеджмент факультеттерінің күндізгі оқу бөлімінің түлектеріне дипломдар табыс ету салтанатты кеші өтті.

Биыл оқу ордамыздын қабырғасынан 457 түлек (педагогика факультеті бойынша 266, Тілдер және менеджмент факультеті бойынша 191) үлкен өмірге жолдама алды. Солардың ішінде 18 түлегіміз үздік дипломға ие болды.  Салтанатты кеште университет ректоры, т.ғ.к. Б.Т. Шакешев бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады.

Университет қабырғасында үздік оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін 20-дан  астам түлек университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Кеш барысында  Педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.К. Ажгалиев, Тілдер және менеджмент факультетінің деканы, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.А. Раманова,  «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.С.Кинжекова, «Тарих және құқық» кафедрасының кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.М.Балыкова, Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Н. Бекмашева, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Г.Ж. Матжанова, «Есеп және қаржы» кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары э.ғ. магистрі Ш.Д. Салимбаева,  «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ. магистрі А.У. Тулегенова,  «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары педагогика ғылымдарының магистрі С.А. Бисалиев бітіруші түлектерді құттықтап, диплом табыстады.

Түлектерге арналған диплом табыстау салтанатты кеші концерттік бағдарламамен жалғасты. Салтанатты кеште бір топ өңіріміздің белгілі әншілері түлектерге өз құттықтауларын, әсем әнмен, арнауларын жолдады.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz