2025 жылғы 4 қараша күні аға оқытушы Мурзабекова Ж.А. 6В11201 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және «жасыл энергияның» адам қызметінің табиғатқа теріс әсерін азайтудағы рөлін түсіндіру.

Талқылау барысында студенттер табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, энергия үнемдеу, экологиялық таза технологияларды енгізу және өздерінің экологиялық ізін азайтуға бағытталған жеке қадамдар туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында Мурзабекова Ж.А. экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтіп, студенттерге табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға тілек білдірді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz