2025 жылдың 24 қазанында Республика күніне орай, БҚО қоғамдық даму басқармасы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, БҚО бойынша «Жастар рухы» қоры» кооперативтік қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының ЖОО студенттері арасында «STUD CUP-2025» спартакиадасы өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спорт түрлерінің одан әрі дамуын қалыптастыру мақсатында оздырылған ойында жеке спорттың түрлері бойынша БҚИТУ студенттері жүлделі орындарға ие болды. «Үстел теннисі» бойынша: ерлер арасынан Мутиголла Адамбек –III орын, қыздар арасында Амандыкқызы Айнара – II орын, «Жүзу» аталымында: Марат Бекулан – II орын, Акижанова Амина –I орын, «Асық ату» аталымы бойынша Тарас Ерасыл, Мақсотұлы Ибрагим, Теміржанов Дастан жоғары нәтижеге қол жеткізіп, I орында үздік болса, «5 асық» аталымы бойынша: Қуанай Аружан, Сағидолла Милана, Сембаева Акмаржан– жүлделі III орын, «Тоғызқұмалақ» аталымы бойынша: Туктыбай Батырхан – II орын, Нағашыбай Ақмоншақ –II орынға иеленген болатын. Ерлер арасында өткен «Қол күрес» сайысында: Берікғалиев Жалғас (80кг) – II орын, Барыханов Алимхан (+80) – III орын, қыздар арасында: Рустамова Гаухар (80кг)–II орын, Сандыгалиева Асылжан (+80)– жүлделі III орындарды қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, командалық сайыстар «Арқан тарту», «Футзал», «Волейбол» ойындарынан — 3-орын иеленіп, университет намысын абыроймен қорғады.
Жүлделі орындарға ие болған сайысқа қатысушы университетіміздің білім алушылары БҚО қоғамдық даму басқармасы мен БҚО бойынша «Жастар рухы» қоры» кооперативтік қорының дипломдарымен және медальдармен марапаттады.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері спорттық сайыстарда белсенділік танытып, өздерінің ептілігі мен бірлігін көрсетті. Барлық қатысушыларды ерік-жігері, ұйымшылдығы және жеңіске деген ұмтылысы үшін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да осындай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!









