2017 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетінің ұйымдастыруымен «Еуразия» туристтік – сауықтыру кешенінде қысқы спорт күні өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты: 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысатын еліміздің спортшыларын қолдау, оқытушыларды сауықтыру және спорттық-көпшілік іс-шараларға тарту және сол арқылы жастар арасында қысқы спорт түрлерін, салауатты өмір салтын дәріптеу. Шараға университет ректоры Р.С. Габдуалиева және тілдер және менеджмент факультетінің профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты. «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен басталған шара, жоғары деңгейде, көтеріңкі көңіл күймен өтті.