2025 жылғы 10 қарашада кафедраның аға оқытушысы Бикетов Бақтығали Ахметжанович «Қабат жөндеу» пәні бойынша «Құбыр тізбектерін (обсадных колонн) жөндеу» тақырыбында НД-42 О тобының студенттеріне ашық сабақ өткізді. Іс-шараға кафедра оқытушылары және университеттің басқа да профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Сабақ дәріс және пікірталас элементтері форматында өтіп, белсенді білім беру ортасын қалыптастыруға және студенттердің құбыр тізбектерін жөндеуге қатысты технологиялық үдерістерді талдауына мүмкіндік берді. Бақтығали Ахметжанович заманауи әдістемелік тәсілдерді меңгергенін, оқу материалының жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетті және зерттелетін технологияларды өндірістік жағдайда қолданудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударды.

Қатысушылар материалды логикалық және бірізді түрде ұсынуын, күрделі техникалық мәселелерді түсіндірудің қолжетімділігін және оқытушының жоғары кәсіби құзыреттілігін атап өтті. Практикалық мысалдар мен типтік өндірістік жағдайларды талдау студенттердің тақырыпты тереңірек меңгеруіне және пәнге деген қызығушылығының артуына ықпал етті.

Ашық сабақ педагогикалық тәжірибе алмасудың, инженерлік пәндерді оқытудың заманауи тәсілдерін талқылаудың және кафедра ішіндегі кәсіби өзара әрекеттестікті нығайтудың тиімді алаңы болды. Мұндай іс-шаралар педагогикалық шеберлікті жетілдіруге, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және оқу барысына инновациялық әдістерді енгізуге ықпал етеді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz