2025 жылдың 11-қарашасында Сапа апталығы аясында профессор А.И.Мамыровтың ақпараттық дәрісі өтті. Сабаққа студенттер, оқытушылар қатысты. Ақпараттық дәріс барысында академик Қажым Жұмалиевтің артында қалған мол рухани мұрасы архив материалдары негізінде таныстырылды.

Сабақта архив материалдарын зерттеу барысындағы ғылыми әдіс-тәсілдер жолы таратылып айтылды. Материалдың түпнұсқалығын анықтау барысындағы текстология, ғылыми түсіндірмелі жұмыстар көрсетіліп, жекелеген сөздер мен ұғымдардың мән мағынасы анықтамалық негізде түйінделді. Лектор қатысушыларға институт жанындағы Қажымтану орталығының жүргізіп жатқан жұмысы, жарияланған және жоспарланған ғылыми зерттеу бағыттарын таныстырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz