2026 жылдың 10-11 ақпан айында Жалпы білім беру пәндер кафедрасының аға оқытушы, психолог Ф.Ж Разахова институтымыздың 1-курс студенттеріне «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты ақпараттық – түсіндірмелі кездесу өткізді. Кездесуге салауатты өмір салты дәрігеріС.С.Насырова, психолог З.А. Құсайынова, акушер гинеколог Н.А Атабаева, терапевт У.М. Мендыгалиева, СТИ медицина қызметкерлері Ж.К, Саймаганбетова мен С.В Беляеева қатысты. Кездесудің мақсаты: студенттерге бейімделу кезіндегі студенттерге психологиялық көмек көрсету, жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау, электронды темекі мен энергетикалық сусындардың алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы кеңінен түсінік беру. Шара ақпараттық- танымдық бағытта өтті. Студенттер тарапынан толғандырған сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Білім алушылар арасында психологиялық сұрақтар туындаған жағдайда факультеттің жауапты мамандарына жүгінуге болатынын және жедел байланыс номерлері берілді.


