2026 жылғы 16–19 ақпан аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институты «Сәулет және құрылыс» кафедрасында 6В07301 – «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиада өткізілді.

Олимпиада екі кезеңнен ұйымдастырылып, «Сәулеттік жобалау» және «Сәулеттік композиция негіздері» пәндерін қамтыды. Іс-шараға 3 және 4 курс студенттері қатысып, өздерінің теориялық дайындық деңгейін, кәсіби құзыреттіліктерін және шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсетті.

Олимпиаданы өткізу студенттердің жобалау дағдыларын дамытуға, неғұрлым дайын және белсенді білім алушыларды анықтауға, сондай-ақ болашақ сәулетшілерді кәсіби даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz