Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министірлігімен жасалған 01.10.2024 ж. №428 ПЦФ 24-26 келісім-шарты бойынша BR24992892 – «Инновациялық азықтандыру хаттамаларын әзірлеу және жас малдарды өсіру технологиясын интенсификациялау негізінде сүтті малдың өнімділігін арттырудың ғылыми негізделген әдістері» ғылыми-техникалық бағдарламаның күнтізбелік жоспарына сәйкес «Арыстанов» шаруа қожалығында 2025 жылдың қазан айының 6-11 күндері аралығында ветеринария және техносфералық кафедрасының ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор К.Г.Есенгалиев, аграрлық-инновациялық технологиялық паркінің аға ғылыми қызметкері А.К.Жолдасбеков және университеттің ветеринария магистрі А.А.Ғани ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысында Easi-Scan Go -Scanner – Curve инновациялық ультрадыбыстық сканерді қолдана отырып алдын-ала қолдан ұрықтандырған 64 бас голштейн тұқымды сиырларына гинекологиялық тексеру өткізілді. Гинекологиялық тексерістен кейін осы аталаған сиырлардың ішіндегі ұрықтанбаған аналықтарды қайта «Овсинх» (Ovsynch) схемасы арқылы қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар, голштейн тұқымды сиырларын азықтандыру хаттамаларына  сәйкес азықтандыру үрдісі және малдар тұратың  қора-жайдың микроклиматы бақылауға алынып тексерілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz