«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы 2017 жылы 12 сәуірде отандық басылымдарда жарияланып, қоғамда резонанс тудырған еді. Жоғарғы мінберден бастап, оқу орындарына дейін рухани жаңғырудың қазіргі жай-күйі мен алдағы бағыт-бағдары талқыланды. Жалпы, еліміздегі рухани жаңғыру – үздіксіз процесс болғандықтан, оған Тәуелсіздік жарияланған соң қолға алған барлық рухани-мәдени шаралар енеді.

2020 жылдың 17 ақпан күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні” атты іс-шара шеңберінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті инженерлік-технологиялық факультетінің мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасының эдвайзерлері С.А. Ихсанова, Н.М. Мартышкина, Г.Е. Калешева, Б.Н. Аманова, К.Д. Бегайдарова, К.Ж. Губайдуллин, А.Н. Мукамбеткалиева және Мұнай-газ ісі, Электр энергетикасы, Жерге орналастыру мамандығының 2-3 курс студенттері Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығына саяхат жасады. Саяхат барысында Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі —Қазақстанныңхалық жазушысы, ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі, ақынның өмірбаянымен танысып, мұражайға қойлған жәдігерлердің тарихынан мағлұмат алды.Студенттер Батыс Қазақстан облысының танымал суретшісі Дауылбаев Ғиният Есжанұлының сурет көрмесіне қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz