Сіздерді 25 қазан – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын!
Республика күні – Тәуелсіз Қазақстанның жаңғыруының, халықтың еркіндік пен теңдікке ұмтылған күш-жігерінің символы.
Біз ер жүрек батыр бабалармыздың осынау күш-жігерінің арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Осы тарихи мерекенің рухы баршамызға шабыт сыйлап, егемен елімізді дамыту жолында әрқайсымыздың үлесіміз зор болсын. Отанымыздың гүлденуіне өз еңбегімізбен үлес қосып, бірлік пен татулықтың негізінде ұлы мақсаттарға жетейік. Мереке құтты болсын!
Игі тілектен,
БҚИТУ ректоры Б.Т.Шакешев