Жаңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 60 жылдығына арналған Қазақстан Руспубликасының ЖОО студенттері құрама командалары арасындағы футзалдан студенттік спорттық лигасы финалдық ойындарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрама командасы 3 орынды иеленді. «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының ФКС-411 тобының студенті Мұрат Арман марапатталды. БҚИТУ құрама командасының жаттықтырушысы – педагогика факультетінің «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А. Ж. Жасқайратов.
