2025 жылдың 23-қазанында  «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушысы, Ф-111, Эк-121, ГМУ-111, ГМУ-121, УА-111, УА-121 топ студенттерінің эдвайзері Д.С. Тогашеваның ұйымдастыруымен Республика күніне арналған  «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты эдвайзерлік сағат өтті.

Шара барысында студенттерге Республика күніне арналған бейнефильм көрсетілді. Білім алушылар туған ел туралы өлең жолдарын оқып, тарихи даталар мен тәуелсіздік, ел жетістіктері туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп,  анаграмма ойынында әріптерден сөздер құрастырды.  

Эдвайзерлік сағат соңында белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсеткен, өлең оқып, викторинаға қатысып, жақсы жауап берген студенттер шағын сыйлықтармен марапатталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz