2025 жылғы 23 қазан күні ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында Қазақстан Республикасының ең маңызды мерекелерінің бірі – Республика күніне орай эдвайзерлік сағат өткізілді. Аталмыш эдвайзерлік сағатқа 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 6В07205-Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, 6В09103-Ветеринария білім беру бағдарламаларының 1,2-курс білім алушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің елге деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тарихы мен егемендік идеясының мәнін ұғындыру, сондай-ақ жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу болды.
Эдвайзерлік сағат барысында 6В07205-Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының білім алушылары Асылбекқызы К. мен Омаров С. мазмұнды баяндамаларын оқып, мерекенің тарихи және рухани маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Студенттер ҚР егемендікке қол жеткізу жолындағы маңызды оқиғаларымен, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен және Республика күнінің мемлекеттік мереке ретінде аталып өтуінің мәнімен танысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, видеороликті тамашалады. Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ел дамуына жастардың қосар үлесі жөнінде пікір алмасты.
Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер студенттердің азаматтық белсенділігін, патриоттық сезімін нығайтып, ұлттық бірлік пен рухани тұтастықты дәріптеуге бағытталған.

