2025 жылғы 21 қазанда БҚИТУ СТИ – дің  6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі БББ 2-курс білім алушылары үшін қонақ дәріс өткізу үшін «Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының нұсқаушысы Айдынғалиев Қайырбек Сисенғалиевич шақырылды. Қайырбек Сисенғалиевич «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» пәні бойынша танымды әрі тәжірибеге бағытталған дәріс оқып, жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің егжей-тегжейлі шолуын жасады.

Ол зардап шеккен адамның жағдайын дұрыс бағалау, оқиға орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қан тоқтату, жараны өңдеу және инфекцияның алдын алу, сондай-ақ зардап шеккенді иммобилизациялау және тасымалдау әдістері туралы айтып өтті. Ерекше назар зардап шеккен адамның жағдайын жедел жәрдем келгенге дейін бақылауға аударылды, оның ішінде тыныс алу, пульс және сананы тексеру.

Дәріскер жарақаттарға жедел және дұрыс әрекет ету медициналық көмек келгенге дейін өмірді сақтап қалу мүмкіндігін едәуір арттыратынын және асқынулар қаупін төмендететінін атап өтті. Білім алушылар әртүрлі жарақаттарға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық ұсыныстар алды және оқыс оқиғаларды болдырмаудың негізгі әдістерімен танысты.

«Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалына өткізілген дәріс үшін шын жүректен алғыс білдіреміз және болашақта ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz