2024 жылдың 28 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институты, Педагогика және психология кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Джонисова Гүлжиян Қабдолғалиқызы және п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кинжекова Рысқаным Салимовнаның ұйымдастыруымен «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет» атты семинар- практикум өтті.
7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары педагогикалық практикадан өту барысында ұйымдастырған семинар-практикумға 6В01101- Педагогика және психология білім беру бағдарламасы, 6В03101- Психология білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері мен кафедраның оқытушылары қатысты. Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік және тәжірибеге бағытталған құнды ақпараттар ұсынылды. Ең алдымен семинарға психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында А.Сағындықова мен А.Рскалиева қызықты жаттығулар жүргізді. А.Раушанова «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру» бойынша нормативтік құжаттарға тоқталса, магистранттар А.Мұханғалиева мен А.Таскенова «Өмір- өзіммен ғажап» атты тренинг жұмыстар бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Еспосинова Қарлығаш өткізген «Арт- терапия» барысында студенттер эмоцияларымен бөлісті, өзара пікір алмасты.
Орта білім беру ұйымдарында ата-аналармен, педагогтармен жұмыстағы тренингтермен Г.Батырова мен Е.Оңғаров бөлісті. Семинар-практикумды жақсы көңіл-күймен аяқтау мақсатында А.Мұханғалиева «Музыка терапиясын» жүргізді.
Семинар қызықты әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар баяндамашылардың тәжірибесімен танысып, болашақта өз жұмыстарында қолдануға болатын ақпараттар алды деп ойлаймыз. Семинар қорытындысында PhD доктор, қауымдастырылған профессор Сұлтаниязова Насия Жалауқызы кері байланыс ұйымдастырып, қатысушыларға алғыс білдірді.
