2025 жылғы 20–21 қазан күндері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Менің мамандығым – менің болашағым» мемлекеттік бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысының өңірлік кадрлық қажеттіліктер картасын әзірлеу бойынша форсайт-сессия өткізілді.
Іс-шара өңірдегі еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлестіру, кадрлық әлеуетті жоспарлау және мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Форсайт-сессияға білім беру мекемелері, өндірістік кәсіпорындар, бизнес, мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ профильдік сарапшылар мен Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Жұмыс барысында өңірдің түрлі салаларындағы кадрлық қажеттіліктер талданып, болашақта мамандарды даярлаудың басым бағыттары анықталды.
Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Ұтарова М.М. шараға белсенді қатысып, биотехнология және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы кадрларды даярлауды күшейту және білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша бастамалар көтерді.
Форсайт-сессия нәтижесінде барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Кадрлық әлеуетті нығайтуға, өңірдің тұрақты дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін және өндіріс сапасын арттыруға бағытталған бастамалар өңірдің болашағына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

