2025 жылдың 15-қаңтар күні Жоғарғы Орал көпсалалы «Болашақ» колледжінде Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы К.К.Жанияров және «Құқықтану» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Т.Х.Рахметов колледж түлектеріне кәсіптік бағдар беру түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттер заң саласына қатысты сұрақтарын қойып, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.