2026 жылғы 18 наурызда «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Филиалы Жерге орналастыру, геодезиялық жұмыстар және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру басқармасының басшысы  Габдушев Марат Талғатовичтің қатысуымен қонақ спикерлің дәрісі өтті.

Аталмыш дәріске «Сәулет және құрылыс» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша 1–3 курс білім алушылары қатысты.

Дәріс барысында спикер мемлекеттік органның ұйымдастырушылық құрылымы, басқарманың негізгі қызмет бағыттары, сондай-ақ жерге орналастыру және кадастр саласындағы мамандарға қойылатын заманауи талаптар туралы баяндады. Практикалық жұмыс аспектілеріне, халықпен өзара әрекет ету және заманауи геодезиялық технологияларды қолдануға ерекше назар аударылды.

Қонақ спикер дәрісі жоғары деңгейде өтті. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар дәріс тақырыбымен жан-жақты әрі терең танысып, лекторға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Дәріс соңында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар шақырылған лекторға бөлген уақыты мен мазмұнды әрі танымдық дәріс өткізгені үшін алғыс білдіріп, кәсіби қызметіне толағай табыс тіледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz