2024 жылғы 4 мамырда БҚИТУ салалық технологиялар институтының 6В07501 “Сандартизация және сертификаттау” ББ білім беру бағдарламасының (салалар бойынша) білім алушылары үшін қонақ дәрісін өткізу үшін “Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы” АҚ БҚФ Батыс Қазақстан филиалының менеджмент және маркетинг жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің бастығы Анисимова Марина Борисовна шақырылды.

Тәжірибеші маман ” сапа ұғымының генезисі. Қазақстан Республикасында техникалық реттеу жөніндегі жұмыстарды дамыту” тақырыбында студенттерге САПАНЫҢ не екенін, неге біздің қауіпсіздігіміз күнделікті өмірде қолданатын өнімнің сапасына байланысты екенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Білім алушылар менеджмент жүйесінің қолданыстағы стандарттары туралы, кәсіпорындарда сапаны басқарудың ыңғайлылығы үшін ұйымдастырылған интеграцияланған жүйенің маңыздылығы туралы ақпарат алды.

Дәріс өте қызықты және өзекті болды және жоғары білікті деңгейде өтті. Студенттер сұрақтар қойды, кері байланыс орнатылды, көтерілген мәселелер бойынша пікірталастар белсенді жүргізілді. Дәріскер тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, кәсіби қызметте қолдануға болатын жеке тәжірибеден мысалдар келтірді.

“Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы” АҚ БҚФ Батыс Қазақстан филиалының маманы М. Б. Анисимоваға ЖОО – ның білім беру процесіне қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz