2024 жылдың 30 сәуір күні Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледждің оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, эксперт, коуч психолог Баян Конаровна Омарова мен Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары Ф.Ж Разахова, С.Я. Кульматов институтымыздың 1-курс студенттеріне «Қоғамдағы жастар арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Шара барысында студенттер буллинг пен кибербуллинг туралы толығырақ ақпарат алып, жауапкершілік пен алдын алу шараларын талқылады. Студент-жастар психологқа сұрақ қою арқылы көкейлерінде жүрген көптеген мәселелердің жауабын алды. Іс-шара ақпараттық-танымдық, құқықтық бағытта өтті.