2023 жылы 4 наурызда БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің жалпы білім беру пәндер кафедрасы шахмат бойынша «Наурыз Chess-2023» блиц-турнирін ұйымдастырып, өткізді. Турнирге 8-11 сынып оқушылары қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – кәсіби бағдарлау жұмысы, университетпен танысу. Жас шахматшылар арасында қала мен облыс чемпиондары бар. Блиц-турнир нәтижелері бойынша қазылар алқасы келесі орындар мен аталымдарды бөлді:
I орын – Данилов Дмитрий, 8-сынып, Мичурин ЖОББ мектебі
II орын – Анохин Владимир, 11-сынып, №7 ЖОББ мектебі
III орын – Федотова Мария, 11-сынып, № 6 орта ЖОББ мектебі
Үздік жас шахматшы – Галимжан Данияр, 5-сынып Трекин ЖОББ мектебі
Үздік жас шахматшы – Турсынова Айша, 9-сынып, № 14 ЖОББ мектебі

