Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Академиялық ұтқырлықты арттыру мақсатында 2023 жылдың 27 ақпан мен 01 наурыз аралығында «Мұнай-газ ісі» бағытында студенттерге арналған “Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы” тақырыбы бойынша 12 сағаттық мәселелік қонақ дәрісі өтті. Дәріскер инженерлік-гуманитарлық факультетінің “Мұнай-газ ісі” кафедрасының қаум.профессоры, т.ғ.к. Ахметжан Самал Закиқызы. Дәріс барысында Ю.А.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің студенттері қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.

Ю.А. Гагарин атындағы СарМТУ-дың Б3-НФГД-21 тобының 2 курс студенті Филатов Максим Андреевичтің пікірі: “Дәріс өте қызықты және танымды болды. Мен өзім үшін Қазақстандық мұнай-газ конденсаты кен орындары туралы жаңа ақпараттарды білдім. Менің ойымша, мұндай дәрістер жиі өткізілуі керек, олар бізді дамытады. Осындай кездесулерге біздің университетке қарым-қатынас мүмкіндігі үшін зор алғысымды білдіргім келеді.  Дәріскер Самал Закиевна менің сұрағыма нақты жауап берді, сол үшін рахмет айтқым келеді”

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz