Құрметті әріптестер, білім алушылар, ата-аналар, түлектер және жұмыс берушілер! Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Мемлекеттік рәміздер еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Олар – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін белгілер.
Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Олар жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.
Еліміздің тұғыры биік болсын, тәуелсіз мемлекетіміз өркендей берсін!