Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі.
Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4-маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11-желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 32 жыл толды.
Кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа жеткізгеніне биыл 30 жыл толып отыр.
Бүгін, яғни 2024 жылдың 4-маусымында Орал қаласындағы «Атамекен» Өнер ордасының алаңында ҚР мемлекеттік туын көтеру салтанаты өтті. Шараға қатысқан ардагерлер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, ішкі істер басқармасының өкілдері, оқу орындарының басшыларының алдында сөз алған БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов барша батысқазақстандықтарды осы мемлекеттік мерекемен құттықтап, өңірімізде төтенше жағдай болған кезде бейтарап қалмай алғы шепте болған облысымыздың жоғары оқу орындары мен бір топ еріктілерін алғыс хаттармен марапаттады.
Марапатталған 10 еріктінің ішінде 4 – і Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің әр жылғы түлектері болып табылады. Атап айтқанда, Байбатыров Ерболат Сағатұлы – самбо күресінен төрт дүркін әлем чемпионы, Исқали Данияр Лұқпанұлы – мәдени саласының үздігі, Джаналиев Эльгун Ахмед оглы – Қазақстан халқы Ассамблеясының Батыс Қазақстан облысы бойынша волонтерлік орталығының жетекшісі.
Үниверситет ұжымын, оқытушылар мен студенттерді және бүгінгі марапат иелерін шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық пен табыс тілейміз!
Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын!