2 қазан күні «Архитектура және құрылыс» кафедрасының оқытушылары Б.А. Кенжегалиева мен А.С. Абатованың жетекшілігімен оқытушыларға жоғары білім қызметкерлері күніне арналған «Интерактивті әдістерді қолдана отырып, қолжетімді материалдардан композиция жасау» тақырыбындағы шеберлік-сынып сабағы аясында өткізілді.
Оқытушылар тыңдаушыларды сәндік-қолданбалы өнермен және оқытудың интерактивті әдістерімен таныстырды. Интерактивті оқыту әдісінің принциптері мен артықшылықтары, сондай-ақ оның педагогикалық үдерістегі маңызы туралы баяндалды. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнерде қолданылатын материалдар мен құралдар көрсетіліп, екі жұмысты орындауға арналған кезең-кезеңімен нұсқаулар берілді: фоамираннан жасалған гербера гүлі және ағаш таяқшалардан органайзер фоамиранды пайдалана отырып жасалынды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қызықты әрі танымды болды.

